6.06.2024, 16:45
Оқылды: 83

Жаңақалалық жас домбырашылар Өзбекстаннан жүлдемен оралды

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы «SOKOL» демалыс лагерінде «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN» байқауы өтті.

EBA6B3BE-0F4A-48DA-8241-CB4D19DAC6EE

Байқау хореография, вокал, дәстүрлі ән, дизайн, аспапта ойнау бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Басқа елді қазақтың домбырасымен бағындарған өнерпаздарымыз Әділет Садых І орын (8-10 жас кіші топта), ансамбль І орын, Әнел Аманқос І орын (10-12 жас орта топта), Ақнұр Фазыл бас жүлде иеленді.

9FAD330D-2C5C-471D-AD41-2FB4A5E354FE

– Бұл байқауға қатысу мүмкіндігі республикалық байқауда жеңіп алған жолдама бойынша берілді. Түркия еліне алған жолдама жол жүру қаражатының қымбаттығына байланысты Өзбекстанға ауыстырылды. Жол шығыны ата-аналардың есебінен болды. Айта өтсем, байқауға дайындау барысында бағдарламаға ерекше басымдық беріледі. Кіші топқа М. Әубәкіровтің «Наркескен», халық күйі «Домбыраны» қос дауыста, орта топқа Дархан Жаңабаевтың «Жігерін» «Мәменнің 17 жылын» таңдадық. Жеке орындауда оқушыларға дыбыс тазалығы мен динамикалық белгілерге аса көңіл бөлдім. Музыка мектебінде оқитын оқушылардың жасы, сыныбы әртүрлі болғандықтан ансамбльге топтастыру кезінде бала саны аздық етеді. Сол себепті оқытушылардың біріккен жүмысы үлкен ансамбль, оркестр құруға жол ашады. Кіші топ ансамбль құрамында тоғыз оқушы өнер көрсетті. Бұл – Ханзада Самиғалиқызы екеуміздің біріккен жұмысымыздың нәтижесі. Кіші топ ансамблі екінші рет Түркияға жолдама ұтып келеді. Ансамбль құрамындағы оқушылардың ата-аналары соңғы үлгідегі киіммен және тапсырыспен жасалған домбырамен қолдау білдірді. Алдағы халықаралық байқауға демеушілер табылса, балаларымыздың дайындығын жеңіс биігіне жеткізуге ұмтылыс бар дейді, - ұстаздары Гүлбар Шуақбаева.

Аруғаным Берікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале