10.06.2024, 10:15
Оқылды: 47

Шыңғырлау ауданы: «Шаңырақ» театры ауылдастарына сый жасады

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде халықтық «Шаңырақ» театры Шыңғыс Айтматовтың «Аққудың көз жасы» лирикалық драмасының қойылымын қойды. Бұл – жас режиссер Арсылан Задыгеровтың алғашқы жұмысы. Көрініс жоғары деңгейде болды, актерлер тамаша ойнап, көрерменге керемет әсер сыйлады. Қойылымды тамашалаған халық рухани демалып, риза болып тарасты.

D57BC4E7-0B57-4AC2-8FDA-0BCC96117B80

Қойылымдағы образдарға актерлер жақсы таңдалған, олар шебер әрі шынайы ойнап, өз рөлдерін өте жоғары деңгейде алып шықты. Одан бөлек сахнаның безендірілуі, эффектілер мен жарықтандыруы, киім үлгісі, барлығы да тамаша ойластырылып, бір-бірімен үйлесім тауып тұрды.

Бұл – режиссердің кәсіби біліктілігінің нәтижесі, ізденімпаздығы мен жаңашылдығының көрінісі.

E0BD7984-9D0C-45A1-B19B-137E0B9BBBA8

Театрдың жұмысын көруге арнайы Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Амангелдіұлы, облыстық халық шығармашылығы орталығынан театр жанры бойынша жетекші маман Батырхан Ғалымжанұлы мен ақпарат басылым және жарнама бөлімінің әдіскері, Шыңғырлау ауданының кураторы Динара Жәрдемғалиқызы, сондай-ақ облыс көлеміндегі халықтық және әуесқой театр режиссерлері келіп қатысты.

Қойылым аяқталған соң аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, халықтық «Шаңырақ» театры ұжымына алғысхатын ұсынып, шығармашылық табыс тіледі.

E4934D5C-2A8F-4089-9089-7C2CD8CCAD48

Баршаның көңілінен шыққан тамаша туындының артында қаншама дайындықтар, тынымсыз еңбек пен төгілген тер жатыр. Ауданның шағын сахнасында жоғарғы деңгейде ауқымды шараның өткені – шыңғырлаулықтар үшін мақтаныш, үлкен мәртебе.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале