Батыс Қазақстан облысында 1928 жылдың 27 тамызындағы Үкімет қаулысымен тәркілеуге жатқызылған байлардың бірі – Көптілеу Алғазиев болатын.
Архивтік құжатта оның жеке ісі туралы жазба былайша толтырылған: «Алғазиев Көптілеу 65 жаста. Шалқар ауылы, Азғыр ауданы, Орал округі. Тәркілеуге іліккен бай тұқымы. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі. Астрахань көпестерімен сауда жүргізеді. 50 жылқы, 30 түйе, 300 ірі қара, 400 қой, 2 күймелі арба, 1 жер үй жақсы сақталған. Елге сыйлы, ықпалы өте күшті».
Осылайша Көптілеу Алғазиевтың мал-мүлкі тәркіленіп, ол отбасымен Қазақстаннан Ресейдің орталық бөлігіне жер аударылады.
Зұлқожа Шарафутдинов
zhaikpress.kz (Байлар қалай тәркіленді, Орал, 2024 ж.)