11.06.2024, 12:15
Оқылды: 69

Азғырдан ауа көшкендер жөнінде не білеміз?

Батыс Қазақстан облысы бойынша 1928 жылдың 27 тамызындағы Үкімет қаулысымен тәркілеуге жатқызылған байлардың бірі – Шамақ Досқалиев болды.
жп дала
Архивтік құжатта оның жеке ісі туралы жазба былайша толтырылған: «Досқалиев Шамақ – 50 жаста, Сүйіндік ауылы, Азғыр ауданы, Орал округі. Тәркілеу тізіміне іліккен өңірдің ірі байы. Үйленген. 275 жылқы, 90 түйе, 900 ірі қара, 1 200 қой, 2 күймелі арба, 2 жер үй жақсы жабдықталған. 2 тұрақты, 2 жалдамалы жанұя ұстап отыр. Азғыр және Бөкей уезіне белгілі бай. Жергілікті жиындарда елге беделді және белсенді. Жергілікті кеңес билігіне ықпалы күшті» делінген.

Осылайша, Шамақ Досқалиевтың мал-мүлкі тәркіленіп, ол отбасымен Қазақстаннан Ресейдің орталық бөлігіне жер аударылады.                                                                

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

(Байлар қалай тәркіленді, Орал, 2024 ж.)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале