17.06.2024, 23:00
Оқылды: 176

Өнер мен қолдау үйлесім тапқан қабылдау

Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова Атырау қаласында «Бақыт бұлағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Jas Tolqyn» халықаралық байқауының аймақтық кезеңінде топ жарған аудандық саз мектебінің «Дәстүрлі ән» сыныбының оқушыларын қабылдады.

FB_IMG_1718644719734

Жанға жайлы қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мирас Сапарғалиев, саз мектебінің директоры Азамат Қалиев қатысып, аудан абыройын асқақтатқан «Телқоңыр» тобын жеңістерімен құттықтады.

FB_IMG_1718644721992

Аудан басшысы Әлия Биғазықызы жетекшісі Дәурен Жұмағалиевке алғыс білдіріп, шәкірт тәрбиелеп, дәстүрлі өнерге баулу жолына сәттілік тіледі. Бақандай он жыл еңбек өтілі бар Дәурен Темірғалиұлының басты арманы – аудандағы дәстүрлі ән өнерін дамыту.

-Қазір Теректі десе, «терме мен жырдан алыс аудан» деген пікір айтылады. Бірақ сайып келгенде мүлдем олай емес. Ауданда қазақтың ұлттық аспаптарына қызығатын, дәстүрлі ән өнеріне құлшынатын оқушы баршылық. Алдағы уақытта жас дарындардың құлашын кеңге сермеуіне әрекет етпекпіз,- деді ол өз сөзінде.

FB_IMG_1718644711896

Мұны қабылдауға қатысқандар қолдады. Сондай-ақ аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Мәскеу қаласында бақ сынайтын жас термешілерге жаңа үлгідегі сахналық киім тіктіртуге уәде берді. Өнер мен қолдау үйлесім тапқан қабылдауда «Телқоңыр» тобы әннен шашу шашып, мерейді өсірді

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале