20.06.2024, 18:00
Оқылды: 154

Теректіде балалардың қауіпсіздігіне қатысты жиын өтті

Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміровтің төрағалығымен жазғы уақыттағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету хақында жиын өтті.

0049D384-AD85-4CE1-A80A-54E3E0284E92

 

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 35 мектеп, балалар шығармашылығы орталығы, аудандық «Жас ұлан» лагері жұмыс жасап жатыр. Барлық білім беру ұйымдарындағы ата-аналар жиналысында, жеке сынып жиындары, тәрбие сағаттарында жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы бойынша кеңінен түсінік жұмысы жүргізіліп, қажетті жаднамалар таратылған.

Дейтұрғанымен, жазғы уақыттағы балалардың қауіпсіздігі, әсіресе суға шомылу, жазатайым оқиғалар қауіпсіздігі өзекті болып отыр. Басқосу барысында тиісті мекемелерге тапсырма беріліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мәдени шаралар ұйымдастыру, бірлескен рейдтерге шығу мәселесі қозғалды.

Сонымен қатар балалар мініп жүрген скутер, мопедтерді жүргізуге қатысты полиция бөлімімен тиісті шаралар қабылдап, ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізу де назардан тыс қалмады.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале