20.06.2024, 10:15
Оқылды: 188

Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр

Таразда семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz. 

06F89355-59D0-4434-A936-69D211FC9A21

Сурет: Olympic.kz

Кезекті жарыс күнінде рапирамен семсерлесуден жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Жасөспірім ұлдар арасында Абай облысының өкілді Тимофей Беспалов жеңіске жетті.

Жасөспірім қыздар арасында шымкенттік Інжу Сатымбекке тең келер ешкім болмады. 

Ұлдар арасындағы командалық сында Шымкент командасы, қыздар арасындағы командалық жарыста Алматы құрамасы топ жарды. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале