24.06.2024, 20:08
Оқылды: 193

Оралда БАҚ күніне орай семинар-тренинг өтті

Бүгін Оралда «Цифрлық дәуірдегі журналистер жұмысының ерекшеліктері: жылдамдық, ақпарат көлемі, бәсекелестік» тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. 

InShot_20240624_200448722

Алғашқы сөз кезегі Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваға берілді.

- Міржақып Дулатовтың «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген тұжырымы қазір де өзекті. Елдің дамуымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары да өсіп-өркендеп келеді. Бүгінгі күні облыста 122 БАҚ тіркелсе, оның 50-ге жуығы белсенді қызмет атқарып жатыр. Сонымен қатар өңірдің жаңалықтарын республикалық деңгейге шығарып отырған 17 меншікті тілші бар. Өткен аптада Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа Заңда бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернет-ресурстарды да қамтитын «масс-медиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді, - деді Гүлжанар Болатқызы.

Сонымен қатар жиында Қазақстанға белгілі журналист, тележүргізуші, ақпарат саласының үздігі Гүлназ Әлімгерей мен танымал мобилограф Айдын Салауатов сөз сөйлеп, семинар өткізді.

InShot_20240624_200654097

- Заманауи журналистің басты қасиеті мамандыққа адалдық. Бұл қай уақытта болса да сәннен шықпайтын принцип. Және әлемнің қай университетінде оқысаң да, өз темірқазығың сенің білімің мен тәрбиең, - деді Гүлназ Әлімгерей.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале