Мобильді интернет жылдамдығын бақылап отыратын SpeedTest Global Index рейтингінде еліміз 64-ші орынды иеленген. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Фото: pixabay.com
Қырғызстан 74-ші орынға жайғасып, көршілес елдер арасында екінші орында тұр. Ал үштікті Өзбекстан түйіндеп, 89-шы орынға тұрақтады. Ресей аталған рейтингте – 105-ші, Тәжікстан 143-ші орында.
Рейтингті қалыптастырушы ұйымның дерегіне сүйенсек, Қазақстандағы орташа интернет жылдамдығы 45,34 Мбит/секунд.
Сарапшылардың сөзінше, аймақ елдерінің цифрлық технологияны дамыту бойынша бірлесе қолға алған жобалары баршылық.