27.06.2024, 12:00
Оқылды: 194

Қазақшаң қалай, қарағым?...

Еліміз бойынша биыл бірінші рет орта буынның 5, 6, 7, 8 сы­­­­­­­нып­­­тары мен жоғары буын­ның 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырды. Оқу-ағарту министрлігінің сөзінше, емтихан білім алушылардың бағ­дар­­­ламалар мазмұнын меңгеруін баға­­­лау үшін өткізіледі.

жп мектеп

Бұл жаңашылдық мем­­­­лекеттік тілдің мәртебесін арттыру, «Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жыл­­­дарға арналған мемлекеттік бағ­­дарламасын бекіту туралы» Үкімет қау­­­лысын орындау мақсатында енгізілген. Со­­­ны­­мен қатар емтихан қазақ тілін меңгермеген оқушы­­ларды жазалау емес, тіл үйренуге ынта­­­ландыруға көбірек бағытталған. Елді елеңдеткен емтихан қазақ тілін оқыту мен білімнің сапасын арттыру үшін енгізіліп отыр. Сондай-ақ емтиханды қазақ тілінде оқытатын мектептер тек қа­­­­зақ тілі бойынша тапсырса, ал қазақ тілі­­нен басқа тілде оқытатын мектептер қазақ тілі және әдебиеті бойынша тапсырады.

Десек те, мектепте 11 жыл бойы қазақ тілін оқығанымен, мектеп қабырға­­сынан мемлекеттік тілді білмей кететін оқушы­лардың да бар екені жалған емес. Сондықтан «Емтихан қазақ тілі­­­­­нің мек­тептердегі шынайы жағ­­­да­йын анықтауға мүмкіндік бере ме?» деген сауал бәрінің көкейінде тұр.

«Бұл емтихан – қазақ тілін жетілдіруге бағытталған шара. Ол биыл енгізіліп жа­тыр, сондықтан мен бұл емтиханды жо­ғары деңгейде өткізуді бұйырдым. Алайда емти­хан балалардың құқығын бұз­­­бау­ға тиіс», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрлік мамандарының мәліметіне сүйенсек, егер оқушы емтиханнан сүрінген жағ­­­дайда сол сыныпты қайта оқымайды. Ке­­­лесі сыныпқа көшеді. Бірақ емти­­­ханның қорытындысы оқушылардың не­гізгі қоры­­­тынды бағаларына әсер етеді. Мысалы 5-ке оқып келе жатқан «Алтын белгіге» үміт­­­кер оқушы осы аралық емтиханнан 4 деген баға алып қал­са, ол «Алтын бел­­­гіге» үміткер болмайды. Сон­­­дықтан оқушылар емти­­­хан­­­­ның өзін­дік салмағы, жауапкершілігі бар, сынақ екенін ескеруі керек.

Мамырдың 27-сі мен 31-і аралығында өткен алғашқы емтихан қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздарына оңай болған жоқ. Оның үстіне бір сыныпқа төрт нұсқадан материал дайындап, кейін оны тексеру аса ауыр жұмыс екені рас. Сонымен бірге орыс сыныптарындағы айтылым тапсырмасын қосыңыз. Осы тұста шама-шамадан аспайды деп келтіріп баға қойылған болуы да ғажап емес. Бұл ұстаздардың кінәсі емес. Өйткені емтиханның нақты өткізу алгоритмі мен тапсырмалары министрлік тарапынан ұсынылуы қажет еді.

– Жалпы емтиханның басты мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау. Бағыты дұрыс емтихан бірінші рет өткізіліп жатқандықтан ұйымдастыру кезінде олқылықтар болғаны рас. Мысалы орыс сыныптарының екіге бөлінетін тобының емтиханды бірге тапсыруы. Сонымен қоса емтихан уақыттары қайталанып қойылады. Мысалы әріптестеріміз бір күнде 3-4 сыныптан емтихан алып, оны тексеріп, қорытындысын шығарды. Осындай қиындықтар кездесіп жатты. Тапсырмаларды жасау кезінде мектепте оқытылатын барлық дағдылар қамтылғаны дұрыс. Емтихан материалдарын ұстаздардың өздері жасады. Осы тұста тыңдалым материалдарын ұсыну жолын әлі де жетілдіру қажет. Материалдарды дайындау кезінде әріптестеріміз барынша ортақ шешім шығарып, өзара ақылдасуы маңызды. Бұл жерде әкімшілік тарапына күш түседі. Осының ұтымды жағын қарастырып, тиімді тұсын дәл тапса игі. Алдағы жылы осындай қателіктерді жібермей барынша мықты дайындалғанымыз абзал, - дейді Ақсай қаласы №3 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Балхия Меңдібаева.

Біз Бөрлі ауданында өткен емтиханның қорытындысы туралы сөз қозғап, сандарын сөйлетіп көрелік. Аудан бойынша жалпы 4 358 оқушы қазақ тілі пәнінен аралық емтиханды тапсырған. Бұл 9-шы және 11-ші сыныпты қоспағандағы сандар.

Аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жалпы емтихан тапсырушылардың 3-еуі «2» деген баға алған екен. Оның ішінде екі оқушы 5 сыныпта қазақ тілінде білім алса, бір оқушы қазақ тілінен басқа тілде оқытатын сыныпта білім алады. Бұл барлық оқушылардың бір пайызына да жетпейді. Есептеп келетін болсақ 0,06 пайызға тең. Демек ауданымызда қазақ тілінің оқытылу сапасы өте жоғары деңгейде екенін ұғамыз. Сонымен қатар қазақ тілі пәнінен тоқсандық бағалары жақсы, алайда емтиханан төмен баға алып қалған оқушылар да бар. Мысалы қазақ тілінде оқытатын мектептерде 5 сыныпта төрт, 6 мен 7 сыныпта бір, 8 сыныпта алты, 10 сыныпта сегіз оқушы тоқсандық бағаларын емтиханда ақтай алмаған.

Ал қазақ тілінен басқа тілде білім алушылар саны бұдан көбірек. Ол сыныптарда емтихан қорытындысы бойынша 5 сыныпта жеті оқушы, 6 сыныпта екі оқушы, 7 сыныпта жеті оқушы, 8 сыныпта он екі оқушы, 10 сыныпта үш оқушы тоқсандық бағаларының межесіне жете алмаған.

Енді екеуін салыстырып қаралық. Қазақ тілінде білім алатын сыныптарда жалпы 20 оқушы төмен баға алып қалса, қазақ тілінен басқа тілде білім алушылар арасынан 31 оқушы өздеріне қойылған бағаны бағындырмаған.

Емтиханнан «2» алған және жақсы оқып жүріп төмен баға алған оқушылардың жалпы саны 54-ті құрап отыр. Бұл жоғарыда келтірілген барлық емтихан тапсырушылардың 1,2 пайызына тең.

Біздің қолымыздағы мәліметтерді былай салып, олай салып есептегендегі сандар солай дейді. Қорыта келгенде Бөрлі ауданы бойынша қазақ тілі пәнінің оқытылу сапасы 100 пайызға жуық екеніне көз жеткіземіз. Бұл сандар көңіл қуантады, ал қоғамдағы, ортадағы тіл ахуалы қалай? Бұл сұрақтың жауабын бірден бере салу қиын...

Фейсбук желісінде белгілі режиссер Мұрат Есжан «Өте бір жайсыз, тіпті, қорқынышты көрініске куә болдым. Жағдай мұндай мүшкіл деп ойламағам. Өзім тұратын үйдің лифтіне менімен жарыса екі бала мінді. Түрлері қазақ болғанда да, қап-қазақ енді. 7-8 оқитын балалар-ау. Кіре, төртінші қабатты басты.

– Сегізді баса сала ғойшы, - дедім. Қолым бос емес еді.

Екеуі алақ-жұлақ етіп бір-біріне қарады.

– Се-гіз, - деп нақтылап қайталадым. Біреуі жетіні басты. Түсінбей тұрғанын енді ұқтым.

– Ол жеті, маған сегіз керек.

Саусағымен сандардың үстін тағы бір айналып шықты.

– Сен орыссың ба? - дедім орысшалап. Шын сұрадым. Кәріс болуы да мүмкін ғой.

– Нет.

– Атың кім?

– Мирас.

– Мен Сережа, әлде, Саша деп ойладым, - дедім.

Жас бала ғой, неге айтып тұрғанымды ұқпады, білем.

Лифт олардың қабатына жетті де, екеуі құтылғанына қуанып, сыртқа зып берді.

Дейм да, бұ балалар, мақұл, орыс мектебінде оқиды делік. Үйінде орысша сөйлейді делік. Сонда оларға қазақ тілі деген пән оқытылмай ма? Онға дейінгі сандарды білмеу дегенді сипаттайтын сөз таба алмай отырмын енді…» деген жазба қалдырған болатын.

Бұл оқырман арасында үлкен пікірталас турдырған еді. Көпшілік осындай олқылықтың алдын осы емтихан алады деген үміт барын атап өтіп жатты. Демек емтиханның арқалайтын жүгі ауыр екені сөзсіз.

Дегенмен кейде көшеден қарагөз қазақтың баласы өзге тілде шүлдірлеп бара жатқанда есің екеу, түсің төртеу болады. Өйткені өзегінде өз тілінің құнары жоқ бала тілдің туын жықпайды деу әбестік екеніне талай куә болғанбыз. Айналып келіп қоғам пікіріне ойысамыз.

Әлеуметтік желіде жерлес ағамыз, заңгер, депутат Абзал Құспан: «Астана намыссыздар қаласы» деп жазба жариялады. Халық қалаулысы өз парақшасында «Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады, білем. Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін» деген жазбамен қоса бейнематериал жариялады. Бұл пікірде жоғарыда келтірілген Мұрат Есжанның пікіріндей үлкен ойталқы тудырды.

Оның барлығын неге емтиханмен  байланыстырып отырмыз. Қаламыздың көшелерінде тілге байланысты ахуалды өзіміз анық білеміз. Ертең біреу келіп, Ақсай қазақ тілінен безген намыссыздар қаласы демесіне кім кепіл? Минстрліктің бастамасымен ұстаздар қазақ тілі мәртебесін көтеруге хал-қуаттары келгенше қызмет жасап жатыр. Алайда негізгі жүк пен басты мәселе ата-анада екені анық.

Соңғы жылдары еліміздің білім жүйесінде білім сапасын бағалауда жаңа өзгерістер қолға алына бастады. Нәтижесінде оқушыларға сыни және шығармашылық ойлау дағдысын дамыту, ойын қорыта алу, пікірін ашық айту талабын қойып отыр. Оның ішінде қазақ тіліне баса мән берілуде. Сол себепті қазақ тілінен емтихан тапсыру үрдісі де мемлекет бекіткен үлкен жауапкершілік екені сөзсіз.

Осы тұста ойымызға дана Абайдың «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деген сөзі оралады. Мемлекет тарапынан білім бағдарламаларында тілдің қуатын қалпына келтіріп, мәртебесін арттыру мақсатында жаңа жобалар қола алынып жатыр. Ендігі кезекте ата-аналардың отбасы саясатында тіл мәселесін алдыңғы орынға шығарса дейміз.

Қазақ қазақ баласынан «Қазақшаң қалай, қарағым?» деп сұрамаса деген тілек бар. Тілегіміз қабыл болсын!

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале