Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев мәлімдеді, деп жазды ҚазАқпарат.
Фото: freepik.com
«Жақында біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Astana Hub әріптестерімен бірге Қазақстан Республикасында жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде деректерді өңдеу орталығы мен суперкомпьютер салу жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткіздік. Бұл платформаның мақсаты — Қазақстан экономикасын дамыту үшін технологияларды тиімді енгізу және AI әлеуетін барынша толық пайдалану. Осы тұжырымдаманың аясында AI ұлттық орталығын ашу жоспарлануда. Жобаның миссиясы — алдағы жылдарда Қазақстанның AI трансформациясын жүзеге асыру», — деп жазды әлеуметтік желіде Есекеев.
Оның айтуынша, AI-дің ұлттық экономика мен қоғамға интеграциясы — тұрақты дамуды сақтаудың және болашақтың сын-қатерлеріне дайындалудың қажетті шарты болып саналады. Мемлекеттің AI ұлттық орталығын ашу жөніндегі жоспарлары — білім беру, инфрақұрылымды дамыту, венчурлық инвестициялар, сондай-ақ IT шешімдерінің экспортын қолдау саласындағы бірқатар негізгі бастамасын қамтиды. Осы жоба аясында келесі бастамаларды қамтитын жол картасы әзірленді:
Бұл бастамалар елімізде инновациялық дамуға, білім мен оқыту деңгейін арттыруға, сондай-ақ жаһандық AI индустриясындағы еліміздің позициясын нығайтуға ықпал ететін тұрақты AI экожүйесін құруға бағытталған.