Шымкентте өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінде рапирашылар арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Ерлер арасында Ғалым Нұрымов топ жарды. Қыздар арасында алтын медальді София Ақтаева жеңіп алған. Екі спортшы да ұлттық құрама қатарында өнер көрсетеді.
Ерлер және әйелдер арасындағы командалық сында Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетті.