3.07.2024, 12:33
Оқылды: 157

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Бәйтерек ауданына келді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Пойыз тұрғындар саны мыңнан астам «Деркөл» стансасына (Зеленый кенті) тоқтады. Бұл туралы Бәйтерек ауданы әкімдігі хабарлады.

WhatsApp Image 2024-07-03 at 10.32.39 (1)

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба шалғай ауылдардың, соның ішінде Бәйтерек ауданының тұрғындарына нақты және қажетті көмекті көрсетпек.

Медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева және заңгер Айшат Ғаббасова тұрғындарға қандай қызметтер көрсетілетіні жөнінде түсінік берді.

WhatsApp Image 2024-07-03 at 10.32.40 (1)

Жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байменов, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Кульбаракова, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Мариэтта Даулетьярова және басқалар құттықтау сөз сөйледі.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Ерлан Ғалиев, аудандық аурухана директоры Тимур Мұсағалиев, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Татьяна Рогозина және басқалар пойыз жұмысымен танысты.

WhatsApp Image 2024-07-03 at 10.32.39

Ауыл тұрғындары: «Біз ақ халатты жоғары білікті мамандардың келуін асыға күттік. Мамандар жыл сайын келіп, сапалы қызмет көрсетеді», - дейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале