4.07.2024, 19:00
Оқылды: 164

Тасқалада ел амандығы үшін садақа берілді

Елдің тұтастығы мен бірлігі үшін садақа беру – мұсылманның басты парызы. Жалпы, садақа қайырымдылық істердің бастауы десек те артық болмас. Осыны ескерген Тасқала ауылының, яғни теміржол бойының солтүстік бағытындағы тұрғындары жиналып, елдің амандығы үшін садақа берді.

InShot_20240704_160624585

Аталмыш іс-шараға барлық үй тұрғындары өз үлесін қосты. Оны ұйымдастыруға Мұхамбетжан Құстамбаев, Қабыл Сүндетов, Сәрсен Таутенов, Жасболат Өтеғалиев сынды ауыл үлкендері атсалысты. Одан бөлек Нұрлан Аюпов, Нариман Мусенов және Гаджи Гитенов пен Жарас Жамансариев сынды кәсіпкерлер де сауапты істен құр қалмай, көмек қолын созды. Әсіресе, садақа дастарқанын дайындауға атсалысқан «Бақыт» кафесінің иесі Мару Төкешоваға тұрғындар ризашылығы шексіз. – Қазақта «Садақаны сауда бер» деген нақыл сөз бар. Бүгін бастың амандығы, елдің тыныштығы, егініміздің бітік шығуы үшін тұрғындар жиналып, садақа бердік. Әр тұрғын өз шама-шарқынша үлес қосты. Ешкім шетте қалған жоқ. Халықтың алақан жайып тілеген дұға-тілегін Алла қабыл етсін. Еліміз тыныш, басымыз аман болсын! – дейді ұйымдастырушы Мұхамбетжан Құстамбаев. Бұл іс-шараға Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуаныш Қабдол мен ауыл тұрғындары қатысып, ақ дастарқаннан дәм татты және игі тілегін жеткізді. Соңында ас қайтарылып, елдің тыныштығы мен береке-бірлігін тілеп, дастарқанға бата берілді. Ал садақаға жиналған қаражаттың артылғанына аз қамтылған екі отбасыға азық-түлік алып берілді.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале