Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі Сырым аудандық мәдени демалыс орталығына ат басын бұрып, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-компазитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған «Ойна, шырқа, оркестр» атты концерттік бағдарламасымен қуантты.
Ән мен күйдің керуенін бастап, концерттік бағдарламаны ҚР Мәдениет саласының үздігі Дәулеткерей Құсайынов тізгіндеді.
Оркестрдің сүйемелдеуімен Еркін Нұрымбетов, Қайрат Кәкімов, Хатимолла Бердіғалиев, Сағадат Рахметжанов, Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі, Айдана Ажғалиева, Айбар Хайырханов, Нұралы Айтуғанов, Күлаш Қуанышқалиевадай өнер майталмандары әдемі кешті әрлеп, дәстүрлі әндер шырқап, ел көңілінен шықты.
Кеш соңында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, «Атамекен» өнер ордасының директоры, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиоллаға алғысхат табыстады.
Қоңдыкер Жеңісұлы
Сырым ауданы