Тасқала ауданындағы Абай алаңында Астана күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин құттықтады.
- Қымбатты жерлестер! Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елорда- қазақтың ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары. Елорда - сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бүгінде Астана – тәуелсіз, әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық мәдени орталығы ретінде қанат жайып келеді. Қазақстанның жас елордасы-қарыштап дамыған мемлекеттің мәңгілік символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Сондықтан да еліміздің жүрегі мәңгі соғып, одан әрі гүлдене берсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын- деді Рауан Бисенғалиұлы өз құттықтауында.
Одан әрі жиын аудан көркемөнерпздарының мерекелік ән шашуымен жалғасты.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы