9.07.2024, 10:00
Оқылды: 136

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні. Бүгінгі таңда «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандарын қосқанда еліміздің су саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Өзен ЖП

Министр Нұржан Нұржігітов еліміздің су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Су шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс және отбасында бақыт-береке тілеймін. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың арқасында қазақстандықтар тіршілік нәрімен, ал ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы ел экономикасын дамыту үшін қажет су ресурсымен қамтамасыз етілген. Су тасқыны кезінде тәулік бойы жұмыс істеген мамандарға ерекше алғыс білдіремін. Климаттық жағдайларға байланысты биыл түрлі қиындықтарға тап болдық. Дегенмен, сіздердің күш – жігерлеріңіз, біліміңіз бен жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында тасқын суын қауіпсіз өткізіп қана қоймай, еліміздің су қоймаларын суға толтырдық», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале