9.07.2024, 16:15
Оқылды: 129

Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді

Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

9BDF037C-E835-4C7B-9272-CE9ADD3C7E09

Фото: pixabay.com

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында  берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», - деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале