Батыс Қазақстан облысында бір ауылдың үш қызы суға батып кетті. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«11 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Мерген ауылы маңындағы Жайық өзенінің жағалауында (суға түсуге тыйым салынған орыннан) белгісіз жағдайда жоғалып кеткен үш баланың заттары (велосипед, киім) табылды.
БҚО ТЖД құтқарушыларының күшімен 2010 және 2011 жылы туылған үш кәмелетке толмаған баланың денесі судан табылып, шығарылды.
Іздестіруге ТЖД, ПД, ЖАО және жергілікті тұрғындардан 70-ке жуық адам мен 20 бірлік техника мен құрал тартылды», - деп хабарлады БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Айта өтейік, жаз басталғалы өңірде бес адам суға кетіп, қайтыс болды. Оның төртеуі – бала.
zhaikpress.kz