19.07.2024, 11:00
Оқылды: 25

Балалар қауіпсіздігі басты назарда – полиция

Кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуінің алдын алу мақсатында Тасқала АПб ЖПҚб ЮПтКТІЖ аға УПИ полиция капитаны Эльдар Тапалов пен  Тасқала аудандық білім беру бөлімінің әлеуметтік педагогы, әдіскер Нұртілек Сағынов, сондай-ақ,  БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейд жұмысы жүргізілді.

1D8EFE7D-C754-4955-9FF1-0EE0967E771E

Айта кетейік, кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмаған балалар қоғамдық орындарда түнгі уақытта тек заңды өкілдермен бірге жүре алады. Бұл дегеніміз – он сегіз жасқа толмаған кез келген балаға түнгі уақытта заңды өкілсіз үйден тыс жерде болуға тыйым салынады.

8AFFBC1A-E713-455D-A12E-28DA162A36E4

ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) - заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

Одан бөлек әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігі) айыппұл салынады. Айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Эльдар Батырұлының мәліметіне сүйенсек, ауданымызда жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 39 жасөспірім тіркеліп, оның үшеуінің заңды өкілдеріне айыппұл салынған. Қалған балалардың ата-аналарына ескерту берілген. Сондықтан, әр ата-ана өз балаларына мұқият болып, түнгі мезгілде  белгіленген уақыттан кейін көшеге шығып кетпеуін қадағалағандары жөн.

Әйтпесе балалар үшін ата-ана жауапкершілікке тартылатын болады.

Бақтыгүл Шотанова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале