19.07.2024, 12:00
Оқылды: 104

Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті

Анна Данилина Будапешттегі (Венгрия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті, деп жазады федерацияға сілтеме жасаған Olympic.kz.

6B576D21-7D25-4263-B6CF-DF1565219FEE

Сурет: Olympic.kz

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4.

Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале