Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында әскери кеңес өтті. Әскери кеңеске "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Қазкеев, әскери бөлім командирлері және "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері қатысты.
Әскери кеңес барысында генерал-майор Бекайдар Қазкеев Ұлттық ұлан жеке құрамының орындайтын міндеттерінің маңыздылығы артып келе жатқанын тілге тиек етіп, офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлігін үнемі жетілдіріп, жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік даярлық барысында жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтауды басты назарда ұстау керектігін айтты.
Бас қосуда алғашқы болып "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы полковник Ақбаров Нариман Алмабекұлы баяндама жасады. Баяндамада жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік даярлыққа және офицерлермен сержанттардың кәсіби шебер болуына ерекше назар аударды. Осыдан кейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы полковник Жандос Құлбаев 2024 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әскери бөлімдердегі заңдылық пен әскери тәртіптің жай-күйі туралы және 2 жарты жылдығына арналған тапсырмалар туралы баяндама жасады.
Әскери кеңесті қортындылай келе "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Қазкеев офицерлер мен сержанттар құрамының кәсіби дайындығына аса назар аударып, алдағы жарты жылдыққа тапсырмалар қойды.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі