29.07.2024, 12:00
Оқылды: 94

Дәмханадан 2 млн теңгенің мүлкін қолды қылған күдікті анықталды

Елордада дәмханадан 2 млн теңгенің мүлкін қолды қылған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ЖП

Полицияға Астанадағы отбасылық дәмханалардың бірінің иесі ұрлық фактісі бойынша арызбен жүгінген.

Тергеу барысында дәмхана ғимараты қараусыз қалғаны анықталды, бұл қаскүнемнің назарын аударған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол терезені бұзу арқылы үй-жайға кіріп, сол жерден жалпы құны 2 млн теңгеге теледидар, кабель және 100-ге жуық радиаторды алып кеткен. Ол ұрланған мүлікті металл қабылдау пунктіне өткізген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаскүнем Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елорда полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында түрлі-түсті және қара металдарды, олардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу және заңсыз айналымы орындарын үнемі тексеріп отырады.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қылмыстық жолмен көрінеу өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале