«Жас келсе іске» акциясы жастар күніне арналған ұлттық онкүндіктің екінші күнін атап өтті. Ол өзін-өзі дамытуға, көшбасшылық идеяларын ілгерілетуге және кәсіби дамуға арналды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Сурет: министрліктен
Акция аясында барлық өңірлерде жастардың кәсіпкерлермен, өнер, ғылым және спорт қайраткерлерімен мотивациялық кездесулері өтті.
Сондай-ақ, отандық киноны танымал ету үшін қазақстандық «Жау жүрек мыңбала», «Қызыл диплом», «Бекзат», «Боксшы», «Өмір ағысында», «21 ғасыр жастары», «Маған назар аудар», «Анаға апарар жол», «Еркебай», «Таптымау сені», «Шоқан», «Өмір-ай», «Қазақ хандығы, «Алтын тақ» фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Жалпы іс-шараларға 17 000 жас қазақстандықтар тартылды. Бүгін, 5 тамыз, онкүндіктің үшінші күні. Ол СӨС-ке арналған.