Жәнібек ауданында осы кезге дейін тоғыз ауылдық округ пен барлық бюджеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктерден, жергілікті тұрғындардан 3500-ден астам адам «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысып, жиырма бес техника жұмылдырылған.
- Бірлескен күш-жігердің арқасында 250 тонна қоқыс шығарылды. Үш мың аула, оның ішінде 19 көпқабатты тұрғын үй, екі мың шаршы метр су қорғау аймақтары, тарих және мәдениет ескерткіштері, субұрқақтар, саябақтар, әлеуметтік және өндірістік нысандары мен бизнес субьектілері тазартылды. Сонымен қатар акция аясында, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында өткізілген сенбілік кезінде бір мың дана - қарағаш және бір мың дана - терек, 85 дана - алмұрт, 165 дана - алма және 100 дана - өрік егілді. Олардың жалпы саны – 2350 дана. Биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында өтетін аудандық сенбілік кезінде қосымша жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаев.
Сейіт Қали,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz