12.08.2024, 9:45
Оқылды: 87

Enbek.kz: құрылыс саласында 3 000 бос орын ашылды

Елде 190-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы құрылыс саласы мамандарын дайындайды, деп хабарлайды 24.kz.

528E63CA-A736-4E41-BD8D-41AD7E8C2B62

Фото: istockphoto.com

Алайда нарықтағы сұраныс шешілген жоқ. Әсіресе дәнекерлеуші, электрик, кран жүргізушілер тапшы. Түйткілдің түйіні қалай тарқайды? Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше елдегі 20 мың студент құрылыс бағытында білім алып жатыр. Былтыр түлеп ұшқан 5 мыңға жуық маманның 91% жұмысқа орналасқан.

Алайда нарықтағы маман тапшылығы күн тәртібінен түскен жоқ. Қазірдің өзінде Enbek.kz порталында 3 мыңға жуық бос орын жарияланған. Әсіресе жол құрылысшылары, тас қалаушы, инженерлерге сұраныс көп.

Әйгерім Мырзалы, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы:

– Жұмыс іздеуші кез келген уақытта өзінің түйіндемесін жариялай алады, жұмыс беруші бос орнын жариялап, интернетте онлайн режимде бір-бірін таба алады. Бос жұмыс орындары порталда бір ай көлемінде ашық болады. Құрылыс – жауапкершілігі зор сала. Нысанның өміршең болуы да құрылысшылардың мойнында. Бұған үлкен күш пен асқан біліктілік қажет.

Жамбыл Мелдебай, «Бәйтерек» Астана құрылысшылар одағы ЗТБ президенті:

– Дәнекерші, электрик, сантехник осындай «узкий» мамандықты дайындау керек. Әр облысқа қанша маман керек? Соны құрылыс мекемелері немесе облыстан реттеп, соны колледж соған дайындау керек. Елордадағы политехникалық колледж осы үдеден шығып отыр. Түлектерінің 80% еңбекке араласқан.

3 курс студенті Алмас Насыр да сол жолды жалғастырмақ.

Алмас Насыр, студент:

– Жылына бізде іс-тәжірибе 2 рет болады. Сол 2 айда біз құрылыс мамандығын тәжірибе арқылы лекциямен қосып, маман бола аламыз. Бір диплом алғанмен де, осы оқыған колледжде мен әртүрлі сертификаттар алдым. Сол сертификат арқылы мен өзімді құрылыстағы басқа мамандықтармен қоса аламын, - дейді ол.

Майра Сембина, «Астана политехник» жоғары колледжі директорының орынбасары:

– Колледжде құрылыс мамандығы бойынша 6 ресурстық орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңда осы мамандыққа 300-ден астам өтініш келіп түсті. Осы өтініштер жыл сайын артып келеді. Көптеген кәсіпорындар бізге ұсыныстарын жібереді.

Ал ардагер құрылысшы Жамбыл Мелдебай жұмысшы мамандарын дайындайтын оқу орталықтарының көбейгеніне алаңдайды. Жамбыл Мелдебай, «Бәйтерек» Астана құрылысшылар одағы ЗТБ президенті:

– Учкомбинат ашып алып, куәлік сатады. Дәнекерлеуші, электрик, сантехник. Олар жұмысқа барғаннан кейін қауіпсіздікті сақтамайды. Арты жақсылыққа апармай жатыр. Сондықтан Үкімет жағынан мұны қадағалау керек. Аймақтардағы маман тапшылығына қарай мемлекеттік тапсырыс беру қолға алынды. Енді түлектердің бірыңғай хабын түзу қажет. Бұл – Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығының ұсынысы. Ол тізімнен білікті мамандар мен нақты тапшылықты айқын көруге мүмкіндік болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале