13.08.2024, 16:00
Оқылды: 89

«Самұрық-Қазына» АҚ отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының жаңа топтамасын іске асырады

Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қор Тобының сатып алулары шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Бұл туралы Үкімет отырысы жазды.

28623479-CFE5-488F-ACC2-8CA0F672CBAC

Сурет: Үкімет

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша биылғы сәуір айында ОТӨ қолдау шараларының жаңа топтамасы қабылданды, оның ішінде сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің елішілік құндылығы үлесі, офтейк-келісімшарттар бойынша компания басшылары үшін KPI белгілеу бар. Тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қазақстандық қамту үлесін сақтау бойынша мониторинг енгізілді.

«Жаңа өндірістерді құру бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер жеткізушілермен 20 жылға оффтейк-келісімшарттар және инвестицияға айырбас ретінде келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Мұндағы басты шарт – қазақстандық нарықта осы өнімнің тапшылығы. Жалпы, 15-тен астам шара қарастырылған», — деді Нұрлан Жақыпов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале