14.08.2024, 17:30
Оқылды: 154

Жібек Құламбаева Сербияда камбэк жасап, турнирдің 7-ракеткасын ұтты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы, 24 жастағы Жібек Құламбаева жекелей сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Бұл жөнінде ҚТФ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

69B7B970-8136-401A-A9C6-EACFE3A9D0DC

Сурет: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің – 306, осы жарыстың 7-ракеткасы, канадалық Карсон Брэнстинмен кездесті.

Матчты канадалық спортшы сәтті бастады – 6:3. Бұдан кейін Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:1, 6:3.

Тартысты өткен бәсеке 1 сағат 51 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 351-ракеткасы, тағы бір канадалық Виктория Мбоко немесе рейтингіде 431-сатыдағы франциялық Сара Цакаревичтің қай жеңгенімен ойнайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале