18.08.2024, 14:30
Оқылды: 60

Атырау облысының 12 мектебінде 41 «өлі жанға» 90 млн теңге жалақы төленген

Атырау облысының 12 мектебінде 41 «өлі жанға» 90 млн теңге жалақы төленгені анықталған. 

Ақша JP

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің мәлім етуінше, білім саласында жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға елеулі тосқауыл болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

«Мәселен, өткен жылы білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық 10-ға тәуекелі байқалды. Осыған байланысты тиісті органға 26 ұсыныс берілді. Талдау кезінде 12 мектепте іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 «өлі жанға» жалақы аударылып, мемлекетке шамамен 90 млн теңге шығын келтірілгені анықталды», - дейді Нұрлан Жахин.

Оның айтуына қарағанда, жергілікті департамент басшылары сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоятын бірнеше ұсыныс беріп отыр.

«Біріншіден, бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелеріне цифрлық шешімдерді енгізу шеңберінде бюджеттік өтінімдерді ұсыну тәртібін бекіту қажет. Екіншіден, жалақы төлеуге, оның ішінде авансты беруге бақылау тетігін әзірлеу, енгізу мәселесінің тиімділігі бар. Үшіншіден, қолданыстағы заңнамаға сәйкес педагогтер мен басқа да қызметкерлердің жұмыс сағатын лимиттен тыс белгілеуді болдырмайтын тетік бөлігіне бірқатар ұсыныс бердік. Осы ұсыныстардың нәтижесінде қазірдің өзінде тіимділігі байқала бастады. Оның ішінде жымқыру тәуекелдерін барынша азайту мүмкіндігі байқалды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша сатып алынатын ақпараттық жүйелердің міндетті параметрлері мен техникалық сипаттамаларын біріздендіру үшін құқықтық жағдайлар жасалды», - деп мәлім етті Нұрлан Жахин.

Департамент өкілінің пікірінше, білім саласы қызметкерлерінің бір ғана міндеті бар. Бұл – сапалы білім беру және жас ұрпаққа отансүйгіштік, еңбекқорлық, парасаттылық құндылықтарын сіңіру.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале