18.08.2024, 21:56
Оқылды: 8

Казталовта "Казталов марафоны – 2024" өтті

Кеше спорт күні аясында "Достық" саябағында "Айбын" спорт клубының ұйымдастыруымен Казталов ауданының марафоны өтті. Спорттық додаға Атырау, Орал қаласы "Warriors of", "Qazaqstan 99250" әскери бөлім, "Run.Kz", Ақжайық, Қаратөбе, Бөкей орда, Жәнібек аудандарынан келген желаяқтар қатысып, бақ сынасты.

image-18-08-24-12-26-1 (1)

Бүгінгі жарыстың басты мақсаты —Президенттің еліміздегі дене шынықтыру және спортпен шұғылдану саясатын жүзеге асыру, шұғылданушылардың спорттық шеберліктерін арттыру, жаяу жүгіру спортын кеңінен насихаттап дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, аудан, облыстық спортшылар арасында өзара ынтымақтастықты нығайту, спорттық шеберліктерін шыңлау, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Тағы да бір айта кететіні, бұл дода 8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынын және Франция елінің Париж қаласында өткен «Париж 2024» олимпиадасында ел мерейін асырып, жеңімпаздар тұғырынан көрінген спортшыларымызды қолдау аясында Казталов ауданының ашық марафоны ұйымдастырылып отыр.
Марафонның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні шырқалып, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларымызға сәттілік тіледі. Халықтық “Қарылғаш” би ансамблінің “Рухты ару” биі мен Мейрам Мақсоттың “Туған жер” әні қатысуышларымызға күш-жігер берді.

image-18-08-24-12-26-1
Биылғы жылы ауданымыздың спорт саласы да толағай табыстарға толы болды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының алғысхатымен Ерхан Талғат, Баубек Ильясов, Әскербек Төлемісов марапатталса, ал аудан әкімінің алғысхатымен Самиғолла Сафиоллаұлы, Қабдолла Сүлейменұлы, Әділбек Габдулжанұлы, Салтанат Габдулжанқызы, Сағындық Маратұлы, Елдос Даниярұлы, Мерхат Наурызғалиұлы, Мұрадым Саматұлы, Тұрарбек Қайыржанұлы, Арқан тартудан Көктерек құрама командасы, Әділхан Асланұлы, Қайнар Аңсарбекұлы марапатталды.

image-18-08-24-12-26

Марафон басталып, жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында 5 км қашықтықта І орын - Тұрсынай Сұлтанғалиева (Run.kz), ІІ орын - Ляззат Тілепбергенова (Орал қаласы), ІІІ орын - Ақкенже Таубаева (Run.kz).
2009-2020 жылғы жасөспірімдер арасында 3 км қашықтықта І орын - Ерхан Талғат (Казталов ауданы), ІІ орын - Бейбарыс Қонысбай (Казталов ауданы), ІІІ орын - Ерұлан Жасқайрат (Бостандық ауылы) өз ара бөлісті. 2011-2012 жылғы жасөспірімдер 1500 км қашықтықта бақ сынады. Нәтижесінде І орын - Сержан Нұржан (Казталов ауданы), ІІ орын - Байкен Ахмет (Қошанкөл ауылы), ІІІ орын - Нұрбол Қоныспай (Қошанкөл ауылы).
Ерлер арасында 5 км қашықтықта жүгірген
І орын - Дінмұхаммед Лекеров (Атырау қаласы), ІІ орын - Мағжан Нұржан (Казталов ауданы), ІІІ орын - Кирилл Агафонов (Орал қаласы) місе тұтты.
Ал желаяқ ардагерлер арасында 5 км қашықтықта І орын - Руслан Ашиев (Run.kz),
ІІ орын - Бейбіт Айтасов (Бөкей орда),
ІІІ орын - Қанатбек Шаймерденов (99250 әскери бөлімі).
Ерлер арасында 15 км қашықтықта
І орын - Баубек Ильяс (Казталов ауданы), ІІ орын - Жарас Айтуар (Орал қаласы), ІІІ орын - Қаныбек Ерсайын (Ақжайық ауданы), ІV орын - Архат Есенғалиев, V орын - Нұрбол Құрманғалиев (Бөкей орда).
Ардагерлер арасында 15 км қашықтықта
І орын - Асылбек Ахатов (Қаратөбе ауданы), ІІ орын - Әлібек Гатауов (99250 әскери бөлімі), ІІІ орын - Нұрғали Камиев (Атырау қаласы).
Эстафеталық ойында І орын - Орал қаласы, ІІ орын - Казталов ауданы, ІІІ орын - Run.kz командаларына бұйырды.
Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталып, кубоктар мен ақшалай жүлде қоры табыс етілді.
Жарыс соңында аспанға отшашу атылды.

Мейірім Парасат,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале