19.08.2024, 16:15
Оқылды: 52

Жәнібектіктер аударыспақтан облыс чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Жуырда Орал қаласында аударыспақтан ересектер (жастар) және 2007-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
6D66E3F9-0C1C-4597-A5A9-E8C49EAA054A
Жәнібек ауданының намысын қорғаған мықтылар жүлделі орындармен оралды. Дәлірек айтсақ, ересектер арасында 57 келі салмақ дәрежесінде Нұркен Тұяқов 1 орын алса, Нұрсұлтан Абуов 3 орыннан көрінді. 62 келі салмақта 1 орынды Оралхан Ғаббасов, 2 орынды Бейбіт Аронов, 3 орынды Жалын Бисембаев алды.
B2784A2E-82E1-4A19-8C7F-54876B4FE83A
68 келі салмақ дәрежеде 2 орыннан Асуан Құсайынов көрінсе, Марлен Бисеков 3 орынды місе тұтты.
74 келі салмақта Дарын Мұсаев 3 орын, 87 келіде Рүстем Қойбағаров 3 орын, 94 келі салмақта Алмабек Өктешов 2 орын, +100 келіде Дулат Рахатов жүлделі 1 орын алды.
Жалпы командалық есепте ересектер 1 орын алды. Сонымен қатар 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында 42 келіде Рамазан Бақтығали 1 орынға, Мират Кенжебекұлы 3 орынға тұрақтады. Талғат Есім мен Ерасыл Болат 3 орынды 48 келі салмақпен еншіледі.
0347B9A8-565C-4968-B60F-755580D6265D
Сондай-ақ 54 келі салмақта Дәурен Өрболатұлы 3 орынға, 65 келіде Жайдар Нұрыш 3 орынға, +82 келі салмақ дәрежесінде Нұрхан Қарашев 2 орынға ие болды. Жалпы командалық есепте аудан жасөспірімдері 3 орыннан көрінді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале