23.08.2024, 23:00
Оқылды: 59

Салықтық өтініш пен салық есептілігін беру шарттары да жеңілдетіледі

Цифрлық трансформация аясында салықтық әкімшілендіру саласында да қолданыстағы рәсімдерді бюрократиядан арылту жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG-20240823-WA0000Сурет: freepik

Салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбау тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, сонымен қатаршығыс операцияларының тоқтатылуына әкеліп соғады,-дейді мамандар.

Салауат Мүксімовтың айтуынша, есептілік кезеңде кірістердің болмауына байланысты нөлдік нәтижелері бар есепті ұсынуды міндеттеу бюрократияны тудыруды талап ететін қажетсіз талаптардың қатарына жатқызуға болады. Сондықтан, жаңа салық кодексінің жобасы есептік кезеңде салық салу объектісі, яғни кәсіпкерлік қызметтен қандайда бір кіріс болмаған жағдайда табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну қажеттілігінен босатады. Аталған жағдайларда ұсынылмаған салық есептілігі нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған болып есептеледі.

- Сондай-ақ, салықтық өтініш пен салық есептілігін беру шарттары да жеңілдетіледі. Жалпы, мемлекеттік аппараттың бюрократиядан арылту бойынша жұмыс аясында ауылшаруашылығы білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, экология және табиғи ресурстар қаржы, сауда және интеграция, көлік, өнеркәсіп және құрылыс салаларында талдау жүргізілді, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Ал, ағымдағы жылдың соңына дейін энергетика, су ресурстары және ТЖ салаларында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне талдау жүргізіледі. Сонымен қатар, тексеру нәтижесіне сай тиісті өңірлерде жұмыс топтары мен талқылау алаңдары құрылады. Спикер брифинг барысында аталған салалардағы сарапшылар мен бизнес қауымдастығының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале