26.08.2024, 13:00
Оқылды: 130

Мәдениет және ақпарат министрінің атынан жалған ақпарат тарады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын хабарлады.

741CE99C-FA73-4F53-B351-CDA955B14CAC

Сурет: ҚР Үкіметінің сайтынан алынды

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланады», деп хабарлады министрліктен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале