26.08.2024, 15:30
Оқылды: 9

Жәнібекте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығы мен аудандық мансап орталығы «Neet» санатындағы жастарға арналған «Жас маман ауылға» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
15D79485-E168-4C5A-9094-6450836E773A
Аталған жәрмеңкеде аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, полиция бөлімі, аудандық аурухана, «Wildberries» мекемесі мен «Жолаушы» кәсіпорнының өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынып, мансап орталығының мамандары жастарға арналған «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орын», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсінік жұмысын жүргізді.
01B614ED-E3D2-4EB1-83A6-31A0E75450C3
Жәрмеңкеге келген жастар бос жұмыс орындарға қызығушылықтарын танытты. Алайда келген жастың көбінде дерлік тұрақты жұмыс болғанымен, өз мамандықтарымен жұмыс жасап жатқан жоқ. Екі жас «Жастар тәжірибесімен» жұмысқа орналасты. Тағы бір жас тұрақты жұмысқа орналасып, мамандығы бойынша жұмыс істейтін болады.
Алдағы уақытта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жалғасын табатын болады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале