26.08.2024, 20:00
Оқылды: 40

Малды дұрыс емдеп жүрміз бе?

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы кеңесші мамандары мал аурулары мен микробқа қарсы тұрақтылықты анықтау бойынша тәжірибелік сабақ өткізді. Сабаққа ветеринария саласының қызметкерлері қатысты.

20240826112714_IMG_0837

Аталмыш ұйымның Байланыс және серіктестік бюросының жоба жетекшісі, ветеринарлық эпидемиологы Дүрия Чарыпхан, ветеринариялық зертханалық диагностика жөніндегі маманы Тасқын Қызайбаев және ветеринария бойынша маманы Алмат Әубәкіров, облыстық аумақтық инспекция басшысы Марат Отаралиев, облыстық басқарманың эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар бөлімінің басшысы Кенжебек Аймашев теректілік мамандарға жауапты салаға қатысты естен шығаруға болмайтын құнды ақпараттармен бөлісті.

20240826112612_IMG_0832

Жүздесу Қазақстандағы «Бірегей денсаулық» тәсілін нығайту және микробқа қарсы тұрақтылық пен зооноздық аурулармен күресудегі әлеуетін жақсарту» жобасы аясында өткізіліп, үш негізгі тақырыпты қамтыды.

Нақтырақ айтсақ, антибиотиктердің мал шаруашылығындағы қолданылуы және олардың мал организмі мен қоршаған ортаға тигізетін ықпалы, мал ауруларын анықтау, ауру анықталған шаруашылықтарға бару кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері талқыланды.

Айта кету керек, мал шаруашылығында антибиотиктерді қолдану бойынша өткізілетін дәрістердің негізгі мақсаты – ветеринария саласындағы микроағзалардың микробқа қарсы препараттар егудегі тұрақтылық мәселесіне назар аудару.

Сондықтан ветеринария мамандарына антибиотиктерді тиімді пайдалану және жануарлардың денсаулығын сақтаудың баламалы әдістері туралы оқыту өте маңызды.

20240826131812_IMG_0882

Дүрия Нұрсадыққызы:

- Мал арасында кездесетін ерекше қауіпті инфекциялар жануарлардың өздеріне ғана емес, адам денсаулығына да үлкен қауіп төндіреді. Ветеринарлардың ауруларды ерте кезеңде анықтай алуы өте маңызды, біздің мақсат – мамандарды аурудың кез келген ерекше белгілеріне мұқият болуға үйрету. Бұған себепсіз мал өлімі, жара ауруы, өнімділіктің төмендеуі немесе қанды диарея жатады. Мал ауруларын диагностикалау тек байқалатын белгілерге ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа факторларға байланысты. Кей ауру белгілері жыл мезгіліне (жазғы немесе қысқы инфекциялар), жас тобына (бұзау немесе ересек ірі қара мал) немесе жануардың жынысына байланысты әртүрлі себептерге ие болуы мүмкін. Сондай-ақ белгілі бір аймақтың ерекшеліктерін, оның ішінде аймақта белгілі бір аурулардың таралуын ескеру тиіс,-деді өз сөзінде.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале