27.08.2024, 18:00
Оқылды: 139

«Әр тауардың бағасы көрсетіліп тұруы керек»: Ақжайықтағы ірі сауда орындарына мониторинг жүргізілді

Ақжайық ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және қадағалау жөніндегі жұмыс тобы жуырда аудан орталығындағы ірі сауда орындарына мониторинг жасап шықты.

33B1773D-51FD-4905-BD76-7EFFA6BD5652

Бұл топты Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Денис Умашев бастап барды.

Аталмыш мониторингті жүргізгендегі мақсат – бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу және сауда орындарына қойылатын талаптардың мұқият сақталуын қадағалау.

Айталық, дүкеннің сөресінде тұрған тауардың тек біреуінде ғана емес, әрқайсысында бағаның көрсетілуі қажет екенін біліп пе едіңіз? Талап бойынша солай екен.

Топ аралап шыққан дүкендердің ішінде «Оптомаркет», «Табын» сауда орындарында бұл талап сақталмаған.

Бұл жайында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына хабарланып, тиісті шара қолданылады.

Сонымен қатар топ мүшелері тауардың бағасынан тек 15 пайызға дейін үстеме қосып сату жөнінде айта кетті.

Нұрәлі Әлім

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале