3.09.2024, 15:45
Оқылды: 114

Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты

"Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге үшінші айналымда ұлыбританиялық Оливия Николс – словакиялық Тереза Михаликованың мысын басты. Данилина – Хромачева 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі", - деп ъабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

anna_danilina_aksh_a_1725344027

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге аралас сында жартылай финалға өте алмады. Олар америкалықтар Тэйлор Таунсенд – Дональд Янгқа жол берді – 7:6 (7:3), 3:6, 8:10.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале