3.09.2024, 16:16
Оқылды: 40

Есірткі мәселесі ушықпауы керек

«Тағы бір маңызды міндет: есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Бұл ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз қажет» деп атап көрсеткен ел Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында.

WhatsApp Image 2024-09-03 at 17.13.56

Өзім де 5  бала өсіріп отырған әкемін. Ел болашағы үшін, балаларымыздың болашағы үшін есірткі мәселесі мені де қатты алаңдатады. Оның үстіне атқарып отырған қызметіме де тікелей байланысты болғандықтан, қолдан келгенше осы жаман әдеттің, қаттырақ айтсам індеттің ел ішіне таралмауына күш салып келемін. Жыл басталғалы нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті үзбей жүргізіп келеміз. Биылғы жылы 3 аса ауыр, яғни есірткі  және психотроптық заттарды таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалып, екі қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты. Сонымен қатар, 26 маусым –Халықаралық  нашақорлық  пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Нашақорлыққа жол жоқ» атты спорттық шара жоғары деңгейде өткізілді. Шараның мақсаты жасөспірімдердің зиянды әдеттерге әуестігінің жолын кесіп, тиісінше оларды спортқа, мәдениетке, білімге және қоғамдық ортадағы тәрбиелік шараларға деген белсендігін арттыру. Қылмыс пен зұлымдық атаулының туындауына әкеп соқтыратын нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес баршамыздың міндетіміз.

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің бастығы,

полиция подполковнигі Сұлтан Шалдарбеков

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале