3.09.2024, 17:31
Оқылды: 40

Жолдау - ел дамуының жаңаша жолы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауы өзінің маңыздылығымен ерекшеленді. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы дәстүрге айналып отыр. Шынында да жыл сайын Мемлекет басшысынан нақты міндеттер мен тапсырмалар күтеміз. Бұл жолы да қазақ жұртының Жолдауды үлкен үмітпен күткені рас. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылғы жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Жолдауда Қазақстанның жаңа дәуірдегі даму жолдары айқындалуы тиіс еді. Солай болды да! Мемлекет басшысының осы жолғы жолдауындағы жаңа экономикалық бағыттарының мазмұны мен сипаты көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.

WhatsApp Image 2024-09-03 at 17.04.55

«Президентіміз өз жолдауында соңғы  бес жылда елімізде ауқымды реформалар жасалынғанын және қазақ халқы жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатқанын, еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгергені жөнінде тілге тиек етті. Жолдаудағы негізгі бастамалардың басым бағытында, ақша – несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесілімділікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайларды жасау, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қарсы өзекті мәселелерді шешу, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп жақсарту, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру секілді ел тағдыры үшін маңызды мәселелер айтылды.

Мен үшін осы жылғы Жолдау – ел дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап бергендей. Әрине, Жолдауда саяси, экономикалық, әлеуметтік тараппен қатар әскер қатарындағы заң мен тәртіптің сақталуына да көңіл бөлді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуы тиіс. Қарулы күштер басқа да күштік құрлымдар осы  талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылығы жауапты» - деді.

Осы орайда біздің  Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлерінің алдында зор міндеттер тұр. Ең бастысы мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қала көшелеріндегі заң мен тәртіпті сақтау жолында жауынгерлік әзірлікті одан әрі күшейте түсуіміз қажет. Ол үшін Ұлттық ұлан әскерлерінің әр әскери қызметшісі өзінің жеке жауапкершілігін арттырып, кәсіби шеберлігін пысықтап, әскери  өмірде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды естен шығармағаны жөн.

Генерал-майор Бекайдар Қазкеев,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале