5.09.2024, 10:45
Оқылды: 104

Оңдасын Хамитов грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Понтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

ACBC3FE5-7ED2-4315-B6E6-F4E4006D0D37

Фото: UWW / Olympic.kz

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен ұтты. 

Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласынан 8:9 есебімен ғана жол берген болатын. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль еншілеген болатын. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале