7.09.2024, 18:00
Оқылды: 220

Казталовта ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Бүгін орталық базарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Әр апта сайын өткізілетін жәрмеңкеге жеке кәсіпкерлер тұрғындарға өз өнімдерін арзан бағамен ұсынды. 

image-07-09-24-02-00

Жәрмеңкеге Казталов ауылдық округі әкімі Ернар Ғалымов арнайы келіп, ауылшаруашылық өнімдерінің түр-түрі қамтылған өнімдерге және олардың бағасына оң бағасын берді.

image-07-09-24-02-00-1

Кезекті жәрмеңкеде сут және ет өнімдері, картоп, балық, кір сабын, бау-бақша өнімдері қолжетімді бағада сатылып, жәрмеңкеге келген тұрғындардың көңілдерінен шықты.

image-07-09-24-02-00-2

Гүлбаршын Мәжитова, ауыл тұрғыны:

- Ауыл тұрғындары үшін жәрмеңке тиімді болып саналады. Төмен бағада алған өнімдерді ала отырып, қысқыға дайындаламыз. Халықтың игілігі үшін ұйымдастырылған осындай шаралар жалғасын табады деп ойлаймын және оған қолдау білдірген басшыларға алғысымды білдіремін, - деді.

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале