9.09.2024, 16:00
Оқылды: 263

Батысқазақстандық Жанерке Тудахунова ел чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ақтөбе қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтіп жатыр. Екінші жарыс күні спортшы қыздар 10 қашықтықта кім мықтыны анықтады.

c0b83244-dc0d-4445-a90c-334437eef811

Бәсеке көркін 2005-2010 жылдары туған бұрымды шаңғышылар қыздырды. Дода қызықты әрі қиын болды. Кей спортшылар мәреге жете алмай, жарыстан шығып қалып жатты.

Ал жарыс басынан алған жылдамдығын бір бәсеңдетпеген ақсайлық Жанерке Тудахунова төрт айналым бойы үздіктер қатарында болды. Өзінен төрт жас үлкен Ақмола облысының атынан шыққан спортшы Минура Иважанова мен Қостанай облысының намысын қорғаған Аида Хужиеваны алға жіберді.

Бөрлі ауданында Ислам Сағынәлиевтен тәлім алатын Жанерке енді бар күшін қысқы біріншілікте көрсетеді деген үміттеміз.

– Жарыс қиын болды. Бірақ бапкерім жарыс алдында жылдамдығымды бәсеңдетпеуді тапсырды. Енді қысқа дейін үлкен жарыс жоқ. Аздап демалып алған соң қысқы маусымға дайындаламыз, - деді Жанерке Тудахунова.

70e6c9d8-d1fc-4f1e-857b-3b1e7d6b4545

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале