Бүгін, Тасқала ауданына іссапармен ҚР орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров келді. Алдымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта болып, оның жұмысымен танысты.
Содан соң аумақтық сайлау комиссиясының мәжіліс залында комиссия құрамымен кездесті. Аталмыш шараға ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов, БҚО аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов, БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, төраға хатшылығының меңгерушісі Айбек Жекен, ҚР ОРК аппараты электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Түсіп Рысбеков, БҚО аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Асыланбек Ғұбашев пен аудан әкімінің міндетін атқарушы Рауан Рахметуллин, аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Динара Баишева, аудан әкімдігінің аппарат басшысы Әсел Ибраева мен комиссия мүшелері қатысты.
Кездесуде сөз алған Нұрлан Мәжитұлы: "6 қазанда өтетін Референдум жөнінде тілге тиек етті. Президентіміз Референдум туралы нақты уақытын өзінің жарлығымен бекітті. 6 қазан күні барлық қазақстандықтар өздерінің дауысын беретін болады. Біздің негізгі мақсатымыз, яғни қызметіміз осы дауыс беру күні толыққанды Заңның аясында дайындалған, сайлаушылар үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді ескерген, жасырын түрде өзінің Конституциялық борышын атқаратындай мүмкіндік жасауымыз керек. Референдумның ашық әрі таза өтуіне бар ықпалымызды салуымыз керек. Бізде қоғамдық байқаушылар институты жақсы қалыптасты. Әліде дамып келе жатыр. Жалпы республика бойынша айтатын болсақ қазіргі таңда бізде 12 миллионнан астам тізімге енген сайлаушыларымыз бар. Ол әлі де жергілікті басқарушы органдар арқылы анықталу үстінде. Сол тізімге енген әрбір адамды тексеріп шығуымыз керек. Біз бұл референдумда әр сайлаушының үйіне барып, жеке өзіне арналған шақыру билетін жеткізуіміз керек. Сол кезде олда өз дауысының маңыздылығын түсініп келеді, қатысады. Әйтпесе менсіз де шешілетін дүние ғой, баяғыда шешіліп қойған деген ойдан қашық болады. Осыны ескеруіміз керек" - деді ол өз сөзінде.
Содан соң Нұрлан Мәжитұлы аудандық мәдени демалыс орталығында аудан жастарымен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы