Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен жұптасып, Гвадалахарада (Мексика) WTA 500 санатындағы турнирдің чемпионы атанды. Бұл туралы ҚТФ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: ҚТФ
Финалда Данилина мен Хромачев Оксана Калашникованы – Камилла Рахимованы жұбын жеңді. Есеп 2:6, 7:5, 10:7.
Бұл Аннаның WTA аясындағы оныншы жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық спортшы Сидней (WTA 500), Окленд (WTA 250), Гамбург (WTA 250), Варшава (WTA 250), Гданьск (WTA 250), Румыния (WTA 250) және Италия мен Париждегі WTA 125 санатындағы үш кубокты жеңіп алған болатын.