19.09.2024, 12:00
Оқылды: 107

Жұртшылықтың діни сауаты артып жатыр – маман

Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2014 жылдан бері жұмыс істеуде. Орталықта оңалту жұмыстарын ұйымдастыру, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу деген үш бөлім бар. Мекемеде 16 қызметкер еңбек етуде, олардың дені – жас мамандар.

B8063C7B-1D88-47B8-99BF-590C72017540

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның басшысы Мейрамбек Қабдоллин орталық бөлімдерінің қызметіне тоқталып, олардың жұмысы жөнінде баяндама жасады. Оның сөзінше, мекеменің негізгі міндеттерінің бірі – облыстағы дін мәселелері бойынша жалпы жұмыстарға талдау жүргізу.

– Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің негізгі қызметі – радикалды, деструктивті және тоталитарлық діндердің ықпалынан зардап шеккен азаматтарға теологиялық, психологиялық көмек көрсету. Жыл басынан бері теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында 1000-нан аса жеке кездесу өткізіліп, халыққа дәстүрлі дінге бейімдеу бағытында кеңес берілді. Мемлекеттік  сатып алу шеңберінде дін мәселе-лерін зерттеу орталығымен бірлесе отырып, «Бақытты бала – 3» балалар жазғы лагері ұйымдастырылды. Ондағы мақсат — мектеп жасындағы балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу, олардың қызығушы-лықтары мен шығармашылық қабілеттерін, жан-жақтылығын дамыту. Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің қызметкерлері биылғы жыл басынан бері түрлі сипаттағы 2000-ға жуық іс-шара өткізді. Мәселен, қалалық мектептерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өңірге танымал тарихшылар, беделді спортшылар мен кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Осындай сипаттағы іс-шаралар жылдың аяғына дейін жалғасын таппақ. Бұған қоса мектептердегі жаһандық құзыреттілік пәнінің дінтану бөліміндегі маңызды ақпараттарды оқушыларға жеткізу мақсатында Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Ислам және қазақ құқығы орталығының директоры, дінтанушы-теолог Асқар Сабдиннің қатысумен оқыту семинарын өткізу жоспарланды. Ал медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінде әлеуметтік желілерде дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, интернет желісінде мониторинг жұмыстарын жүргізу, дін саласындағы өзекті мәселелерді баспасөз беттерінде жариялау сынды бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап өтетін жайт, биылғы жылдың басында интернетте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша «ұстаздар» мен «сарапшылар» пулы құрылды. Пул құрамында теологтар, имамдар, дінтанушы мамандар, белсенді жастар бар. Былтыр медиа студия жабдықталып, бүгінде әлеуметтік желілерге жарияланатын түрлі сипаттағы бейнероликтердің сапасын арттыру, өзекті тақырыптағы «Подкаст» сұхбаттарын шығару секілді жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығы артып, оқырмандар саны көбеюде. Осы арқылы біз жұртшылыққа әлеуметтік желі арқылы насихат және ақпарттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз, - дейді Мейрамбек Ержанұлы.

Бұған қоса дін мәселесін зерттеу орталығы облыстық дін істері басқармасына діни ахуалы күрделі аудандар туралы, өңірдің әр түрлі діни саладағы мәселелерін талдап ақпараттар ұсынып отырады. Аталған жұмыстарға елімізге белгілі университеттерде діни білім алған білікті мамандар талдау жүргізеді.

Аружан Аманжол

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале