Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day) жыл сайын қыркүйектің үшінші аптасында өтеді. Науқанның негізгі міндеті – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға аудару.
Бүгін Жәнібекте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылып, аудан жұртшылығы белсенділік танытты.
- Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, ауданымыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек, – дейді Жәнібек ауылдық округінің әкімі Ғибрат Айтқалиев.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы