25.09.2024, 17:00
Оқылды: 73

Дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты: Жалпы есепте Жамбыл облысы көш бастады

Шымкентте дзюдодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан біріншілігі аяқталып, жалпы есептегі жеңімпаздар анықталды, деп жазады Olympic.kz.

09FBC3F0-0403-4252-8AB6-B6C3484C66A0

Сурет: Olympic.kz

Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы көш бастады. Аталған өңір балуандары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған.

Екінші орынды 2 алтынға қол жеткізген Ұлытау облысы иеленді.

Ал үздік үштікті 1 алтын, 2 күміс және 2 қол медаль еншілеген Қызылорда облысы тұйықтап тұр.

Алғашқы бестікке Атырау және Жетісу облысының командалары да енген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале