26.09.2024, 19:15
Оқылды: 15

Оралда есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілер ұсталды

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп "Лада ВАЗ 2114" автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің салонын тексеру барысында жүргізуші мен жолаушыдан өсімдік тектес заттары бар 9 зип-пакет табылып, тәркіленді.

Полиция ЖП

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 1991 жылы туған Орал қаласының тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған орама табылып, тркіленді.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале