27.09.2024, 9:45
Оқылды: 121

Қазақстан жастарының 46 пайызында жоғары білім бар

Жұмыспен қамтылған жастар саны 1,8% өсті. Бұл жайында ұлттық статистика бюросынан хабарланды, деп жазды ҚазАқпарат.

76BE0DE4-B2AD-47CA-99DF-3DAA5878EDEA

Сурет: Ақорда : ҚазАқпарат

2024 жылғы II тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың саны 3,6 млн адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% өскен.

Жастардың 46%-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, 48% — техникалық кәсіптік білімі бар.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жастардың көбі мына салаларда еңбектенеді: көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу (643 мың адам), білім беру (438 мың адам) және өнеркәсіп (416 мың адам).

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі — 3,2% (2023 жылы ІІ тоқсанда — 3,6% болған).

Жұмыспен қамтылған жастардың жас құрамын қарастыратын болсақ, 2023 жыл қорытындысы бойынша негізгі үлес (50,4%) 29-34 жас тобы аралығындағыларға келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұзартылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале