27.09.2024, 15:15
Оқылды: 60

«Елдің ахуалын арттырады» – пікір

АЭС салу – ел болашағына қатысты үлкен мүмкіндіктерге есік ашады. АЭС салу арқылы ел экономикасын арттыру үшін бірқатар бағыттарды айқындалды. Отандық электр энергия саласын жаңарту дұрыс шешім деп білемін. Бұл бастама ел болашағы үшін маңызды екені жасырын емес. Оны Мемлекет басшысы да нақты айтты.

14B09B56-70E4-4038-BD92-8D39EC85EF85

Фото: freepik.com

Алайда қоғамдық, пікірдің де салмағы бар екенін ескеруіміз керек. Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешуді жөн деп санады.

Әрине, елдің айтар ойы, қосар үлесі зор. Сондықтан Президенттің мұндай шешімге келуі — қуантарлық жағдай. Мемлекет басшысының барлық бастамасы елдің ахуалын арттыруға көзделетіні мәлім. Сондықтан біз тек қолдау білдіруіміз қажет деп есептеймін.

Азамат Хисимов

Жайық НОМ-ның дене шынықтыру пәні мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале